Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ

8 (7132) 98- 06 - 90 қабылдау бөлімі
8 (7132) 98-05-11 сенім телефоны
8 (7132) 98-05-10 бухгалтерия

«Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы

Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында» осы мектептің физика және математика пәндерінің мұғалімі Гульфира Абдикаримовна Абдраимованың «Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы өтті. Шеберхана мақсаты:

1.ұстаздарға заман талабына сай сабақты түрлендіріп өткізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер үйрету;

2.өзара тәжірибе алмасу.

Бекітілген бағдарлама бойынша ұстаздар Г.А.Абдраимованың 7-сыныптағы «Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергиялар» атты ашық сабағына қатысты. Сонымен бірге, Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының биология пəні мұғалімі Бақыт Даулеткалиевна Тоғжанова «Оқытудың интерактивті əдістері, Learning Apps-пен тапсырмалар құрастырудың мүмкіндіктері», Шалқар ауданы,№ 8 ЖББОМ биология пəні мұғалімі Ардақ Шамшатқызы Дүйсмағанбетова «Биология пəнін оқытудағы жаңаша əдіс-тəсілдер» және Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ химия пəні мұғалімі Айнұр Аманғалиева «Химия пəніндегі қызықты тəжірибелер мен əдіс-тəсілдер» шебер сынып сағаттарын көпшілікке ұсынды. Жұмыс барысында ұстаздар арасында құрылған топтар сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдер туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберхана отырысы көңілді атмосферада өтті. Көрсетілген әдіс-тәсілдерді әр педагог өз қоржынына салып, тәжірибесінде іске асыратындығына сенімдіміз.

Пікір жоқ
68 қаралды
Авторы: b141aktobebilim
Қосылды: 03.04.2023 в 23:24

Директор блогы "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ директоры

Калиева Гулбарам Есеновна

Choose Color