«Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шығармашылық шеберхананың отырысы
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 9-желтоқсан күні «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында» физика және математика пәндерінің мұғалімі Г.А.Абдраимованың «Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шығармашылық шеберхананың 2- отырысы өтті.
Шеберхана мақсаты: Ұстаздарға заман талабына сай сабақты түрлендіріп өткізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер үйрету; Өзара тәжірибе алмасу.
Бекітілген жоспар бойынша ұстаздар Г.А.Абдраимованың «Физика пәнінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері» атты панорамалық сабағына, А.Сариеваның географиядан 8-сыныптағы «Табиғат зоналары» атты ашық сабағына және химия пәнінің мұғалімі Ү.Сағитжанның «Химия пәніндегі вертуальды зертхана» атты сыныптан тыс сабағына қатысты. Сонымен қатар Қобда ауданы, И.Тайманов атындағы гимназияның биология пәнінің мұғалімі Ж.А. Утешованың «Биология сабақтарында модельдеу әдісін қолдану» шебер-сыныбын, Темір ауданы, №2 Шұбарқұдық ЖБОМ биология пәні мұғалімі Л.М.Кулжанованың «Симпсон индексі арқылы экожүйенің биоалуан түрлілігін зерттеу» шебер-сыныбын және Әйтеке би ауданы, Ақтасты ОМ химия пәні мұғалімі Г. Жиеналинаның «Шағын жинақталған мектептегі химия пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі» коучингін тамашалады.
Жұмыс барысында ұстаздар арасында құрылған топтар сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдер туралы баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберхана отырысы көңілді атмосферада өтті.
Көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдерді әр педагог өз қоржынына салып, практикасында іске асыратындығына сенімдіміз.