"Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?"
Мектеп - интернатымыздағы жалпы пән мұғалімдері SHOW- форматында "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?"Тақырыбында сыныптан тыс ойындар шеруін ұйымдастырды.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудыңәрі формасы, әрі әдісі. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіпке шақырады, айналасын тануға көмектеседі.Бұл ойындар шеруінің басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру.Жас ұрпақ еліміздің тірегі, ертеңіміздіңкепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті.