«Жеке бас гигиенасы»
Вирус ауа-тамшы жолы арқылы таралатындықтан, күнделікті гигиена сақтау, үй ішін уақытылы желдетіп, ауаны тазалау, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы құнарлы тамақтану қажет. Мұрын мен ауыз қуысын ұдайы тұзды ерітіндімен шайып, су не қант қосылмаған шырындар мен шайды көбірек ішкен пайдалы.
Тұмау белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауруы, жөтелу және әлсіздік. Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сиякты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады.