Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ


8 (7132) 98- 06 - 90 қабылдау бөлімі
8 (7132) 98-05-11 сенім телефоны
8 (7132) 98-05-10 бухгалтерия

Жаңалықтар

"Болашаққа хат" шығарма

"Болашаққа хат" шығарма Мақсаты:туған елінің болашағына үлес қосып, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу Ұлттық тілді жақсы меңгеруге , өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді арттыру. Өткізген:Сактаганова Ж. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

02.12.2023 в 16:23 Пікір жоқ 120 қаралды

Мектеп - интернатымызда "1- желтоксан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай сурет көрмесі және бейне роликтер ұйымдастырылды.

Мектеп - интернатымызда "1- желтоксан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай сурет көрмесі және бейне роликтер ұйымдастырылды. Болашақ жастарымыз зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауға, әлем дертінен сақтануға, денсаулықтың маңызын түсінуге тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие #денсаулық

Толығырақ

01.12.2023 в 16:21 Пікір жоқ 72 қаралды

"Қызықты математика сағаты".

"Қызықты математика сағаты". Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.5-10 кластар арасында ұйымдастырылды. Өткізген:Сатаева Бакытгул         

Толығырақ

30.11.2023 в 16:18 Пікір жоқ 88 қаралды

«Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет» Буллинг/Кибербуллинг(зорлық-зомбылықтың алдын алу) пікір талас түрінде өтті.

2023 жылдың қазан айында психологиялық қызмет көрсету аясында жылдық жоспарға сәйкес 5-11 сынып оқушыларының арасында «Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет» Буллинг/Кибербуллинг(зорлық-зомбылықтың алдын алу) пікір талас түрінде өтті. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау; Буллинг/Кибербуллинг-зорлық-зомбылықтың алдын алу. Өткізген: педагог-психолог Елшебаева М.Ш. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

30.11.2023 в 16:16 Пікір жоқ 83 қаралды

"Жайдарман" ойыны өтті

"Жас ұлан" балалар ұйымының жоспарына сәйкес мектебімізде 6-10 сыныптар арасында көңілді "Жайдарман" ойыны өтті Мақсаты: Жайдарман ойыны арқылы оқушыларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу және сахнада жүріс, дұрыс сөйлеу мәдениетін үйрету. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

30.11.2023 в 16:15 Пікір жоқ 79 қаралды

"Суреттер әлемі"тақырыбында арт-терапия өткізілді

2023 жылдың қараша айында психологиялық қызмет аясында бастауыш сынып оқушыларына "Суреттер әлемі"тақырыбында арт-терапия өткізілді. Арт-терапия- шығармашылық қабілетін арттырып, бойындағы қасиеттерді аша түсіеді, ішкі жан әлемінің үйлесімді болуын, жағымды ахуалды қалыптастырады. Өткізген: педагог-психолог Елшебаева М.Ш.

Толығырақ

29.11.2023 в 19:59 Пікір жоқ 116 қаралды

"Рәміздерім - мақтанышым" сынып сағаты өткізілді.

Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Өткізген: Шайбекова Ж. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

29.11.2023 в 16:12 Пікір жоқ 72 қаралды

Емдік дене шынықтыру

Емдік дене шынықтыру - кез-келген ауру, жарақат, кез-келген жаста қолданылатын ең физиологиялық, табиғи және өте тиімді емдеу әдісі. ЕДШ дегеніміз қозғалыс дененің өсуіне, дамуына және қалыптасуына негізгі стимулятор.

Толығырақ

28.11.2023 в 18:01 Пікір жоқ 99 қаралды

"Жаратылыстану аясы-бар білімнің саясы"

Математика және жаратылыстану пәндерінің апталығы тақырыбы: "Жаратылыстану аясы-бар білімнің саясы"  Мақсаты: •Математика және жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру; • Теориялық білімдерін практикада қолдануға дағдыландыру; • Оқушылардың бойында салауатты өмір жайлы түсініктерін және функционалдық сауаттылығын дамыту;

Толығырақ

28.11.2023 в 17:59 Пікір жоқ 88 қаралды

“Қамқоршылық кеңесінің” 1 отырысы өтті.

Қамқоршылық кеңесі мектептің оқу тәрбие жұмысына,материалдық,техникалық базасының нығаюына және оның қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізе отырып мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай мектеп -интернатымызда “Қамқоршылық кеңесінің” 1 отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. «Қамқоршылық кеңес» мүшелерін жаңа құраммен толықтыру. 2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту. 3. «Қамқоршылық кеңес» төрағасын сайлау. 4. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайымен таныстыру.

Толығырақ

27.11.2023 в 17:55 Пікір жоқ 80 қаралды

Директор блогы "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ директоры

Калиева Гулбарам Есеновна

Choose Color