"Саяхат" тақырыбында интеграциялық ашық сабақ
"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты"КММ-де 15-ақпан күні гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің "Ұлтты біріктіретін-тілі мен тарихы және мәдениеті" тақырыбындағы апталықтың төртінші күні "Саяхат" тақырыбында интеграциялық ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып,жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; 6.4.4.2. Зат есім,сын есім,етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Толығырақ18.02.2023 в 12:47 Пікір жоқ 60 қаралды
"Үздік оқырман" мәнерлеп оқу сайысы
"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ-де 15-ақпан күні гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің "Ұлтты біріктіретін-тілі мен тарихы және мәдениеті" тақырыбындағы апталықтың үшінші күні "Үздік оқырман" мәнерлеп оқу сайысымен жалғасты. Сайыс барысында мектеп-интернат оқушылары өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін үш тілде оқып, көрермендерге ерекше сезім сыйлады.
Толығырақ18.02.2023 в 12:45 Пікір жоқ 64 қаралды
"Қызықты қазақ тілі" тақырыбында сыныптан тыс шара
"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ-де 14-ақпан күні гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің "Ұлтты біріктіретін-тілі мен тарихы және мәдениеті" тақырыбындағы апталықтың екінші күні "Қызықты қазақ тілі" тақырыбында С.Н.Тажимуратованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс шара өтті. Шара барысында оқушылар қызықты грамматикалық тапсырмаларды орындап, сөзжұмбақтардың да жауабын таба білді.
Толығырақ18.02.2023 в 12:41 Пікір жоқ 62 қаралды
«Ұлтты біріктіретін –тілі мен тарихы және мәдениеті» тақырыбында апталықтың ашылу
Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де 13-ақпан күні гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Ұлтты біріктіретін –тілі мен тарихы және мәдениеті» тақырыбында апталықтың ашылу жиыны өткізілді.Шараның мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Шараны ертегі кейіпкері Буратино оқушыларды өзімен бірге білім алуға, апталыққа белсенді қатысуға шақырды. Оқушылар атаулы даталар бойынша ұлы тұлғалардың өмірінен қысқа мәліметтер берді. Қазақ тілі, Орыс тілі, Музыка, Тарих, Ағылшын,Құқық пәндері туралы өлеңдер оқылып, «Ырғақты әуен» оқушылардың орындауында шараның көркін аша түсті.Шара әр пән мұғалімдері дайындаған қызықты тапсырмалармен толықты.
Толығырақ15.02.2023 в 12:39 Пікір жоқ 60 қаралды
Халықаралық кітап сыйлау күні
Бүгін 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күні. "Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге" деп ұлы Абай атамыз айтқандай, бір-бірімізге кітап сыйлап, ой-өрісімізді кеңейтіп, санамызды арттыру үшін үлесімізді қосып жүрейік. Кітапханашы: Гүлжанат Сәндібекқызы
Толығырақ14.02.2023 в 12:37 Пікір жоқ 52 қаралды
"Жырлайды жүрек" атты әдеби сазды кеші
Бүгін ымырттағы кітапханада Мұқағали Мақатаевтың "Жырлайды жүрек" атты әдеби сазды кеші өтті. Кештің мақсаты: оқушылардың бойына ақиық ақын Мұқағалидың жырын, әнін, өлеңін сіңіру. Шараға қатысқан оқушылардың барлығы үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен қатыса білді.
Толығырақ11.02.2023 в 12:35 Пікір жоқ 57 қаралды
"AKTOBE JUDO LEAGUE" жарысы
Дзю-додан жас жеткеншектерге арналған ұлдар мен қыздар арасында "AKTOBE JUDO LEAGUE" жарысына мектеп-интернаттан Типаев Алихан қатысып, "ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР ҮШІН" атты номинациясымен марапатталды.
Толығырақ07.02.2023 в 12:32 Пікір жоқ 56 қаралды
"Діни экстремизмнің алдын алу-ортақ іс"
Қурайлы мәдениет Үйі ұйымдастырған "Діни экстремизмнің алдын алу-ортақ іс" тақырыбында мектеп-интернаттың 7-11 класс оқушыларының қатысуымен ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағатқа Ақтөбе қалалық мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог-маманы Жандос Романұлы қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Толығырақ04.02.2023 в 12:31 Пікір жоқ 57 қаралды
"Кел,билейік,ойнайық! атты көңілді кеш
Бүгін біздің мектеп-интернатымызда барлық оқушыларға "Кел,билейік,ойнайық! атты көңілді кеш ұйымдастырылды. Ойын мен бидің үйлесімін тауып,тамаша кешті мектебіміздің хореографы Зульфия апай мен "Айгөлек"би үйірмесінің оқушылары ашып берді.
Толығырақ02.02.2023 в 12:28 Пікір жоқ 60 қаралды
«Құстарға арналған кафе» экологиялық акциясы.
Класс:3,4,5. Акция мақсаты: табиғатқа деген сүйіспеншілікті, құстарға мұқият және қамқорлықпен қарауды, сондай-ақ осы мәселеге қоғамның назарын аудару. Өткізген: тәрбиешілер К.Алдонгарова, Н.Каплиева, Г.Орынбасарова
Толығырақ01.02.2023 в 12:26 Пікір жоқ 72 қаралды