«Көру мүшесінің құрылысы және гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ
Мектеп - интернатымызда 8 сыныпқа Биология пәнінен «Көру мүшесінің құрылысы және гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтан білім алушылар көру мүшесінің құрылысы мен танысып, гигиенасын білді! Ашық сабақта түрлі әдістер қолданылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты! Өткізген биология пәнінің мұғалімі Ә.Т.Данабек
Толығырақ08.03.2023 в 13:53 Пікір жоқ 75 қаралды
«Сөмкесіз бір күн» акциясы
Мақсаты оқушылардың креативті ойлауын, жаңа идеяларды қабылдай білуін, көңіл,-күйлерін көтеріп, түрлі жағдаяттарды оңай шеше алу қабілеттерін дамыту. Өткізген: Психолог Сактаганова Ж.
Толығырақ07.03.2023 в 13:58 Пікір жоқ 70 қаралды
1 наурыз-Алғыс айту күні
Класс:1-5 Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Өткізген: Алдонгарова К.
Толығырақ01.03.2023 в 13:46 Пікір жоқ 60 қаралды
“Табиғат-жаратылыстану ғылымының тірегі” апталықтың ашылуы
27.02.23 күні Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында жаратылыстану математика бағыты пәндерінің “Табиғат-жаратылыстану ғылымының тірегі” атты апталығының ашылу салтанаты өтті. Жиында оқушыларға ғалымдар өмірінен көптеген мағлұмат берілді және жаратылыстану пәндерінің өмірде алатын маңыздылығына тоқталды. Салтанат соңы қызықты математикалық ойындармен жалғасты. Ұйымдастырушылар математика және физика пәндерінің мұғалімдері Сатаева Б.С, Абдраимова Г.А
Толығырақ01.03.2023 в 13:01 Пікір жоқ 89 қаралды
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Бүгін мектеп-интернатымызда 5-7 сынып ер балалары арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың өр тұлғалы, ер мінезді, жігітке лайық жігерлі болып өсуге тәрбиелеу.Бүгінгі сайыста қатысушыларымыз аса жауапкершілікпен, үлкен дайындықпен өз бойындағы білімі мен өнерін ұштастыра білді. Нәтижесінде "Жігіт сұлтаны" атауына ие болған 7 сынып оқушысы Қонақбай Маулен болды. Ұйымдастырушы Тәлімгер, Хореограф, Тәрбиешілер.
Толығырақ27.02.2023 в 12:59 Пікір жоқ 61 қаралды
Баланың бас ұстазы - ата-ана
Класс: 5-11 класс ата-аналары. Мақсаты: ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту, ата-аналарды балаларға жауапкепшілікпен қарацға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Ұйымдастырушылар: Әлеуметтік педагог. Нурбергенова А.М. Мектеп психологы: Сактаганова Ж.А
Толығырақ27.02.2023 в 12:58 Пікір жоқ 61 қаралды
7-11сынып арасында "Мен сені сүйемін өмір " атты танымдық сабақ
7-11сынып арасында "Мен сені сүйемін өмір " атты танымдық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көз-қарастарын анықтау, өмірді сүйетіндігін байқау,өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау, өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу. Өткізген: психолог Ж.А.Сактаганова, әлеуметтік педагог А.М.Нурбергенова
Толығырақ24.02.2023 в 12:55 Пікір жоқ 67 қаралды
Жеке кәсіпкер Қосмағамбетова Заринамен кездесу
Мектеп-интернатымыздың «Көркем» қыздар ұйымы Қурайлы ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қосмағамбетова Заринаның шақыруымен торт пісіретін наубайхана ға барып, қыздарымызға торт пісірудің қыр-сырын үйретті. Олар өз қолдарымен торттың екі түрін жасап үйренді. Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жақсы көңіл-күй сыйлап және өз білімімен бөліскен үшін Қосмағамбетова Заринаға алғыс айтамыз. Ұйымдастырушы: Ж.Т.Шайбекова
Толығырақ21.02.2023 в 12:53 Пікір жоқ 65 қаралды
"Татулық-достық кілті" психологиялық тренинг.
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынасын нығайту.Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру. Өткізген: мектеп психологы Ж.Сактаганова
Толығырақ21.02.2023 в 12:52 Пікір жоқ 66 қаралды
"World of animals" сыныптан тыс шара
"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ-де 17 ақпан күні гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің "World of animals" тақырыбында бастауыш кластарға сабақтан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларды ауызекі сөйлей, диалог айта білуге үйрету, жануарлар тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру. Өткізген:А.Ж.Молдагазина
Толығырақ21.02.2023 в 12:49 Пікір жоқ 62 қаралды