Сайлау қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Тұрсын Әділхан мектепішілік "Ұланбасы" болып сайланды.
🔵Қыркүйек айының 25-і күні Республикалық "ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік "Ұланбасы" сайлауы өткізілді. 🔵Сайлау қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Тұрсын Әділхан мектепішілік "Ұланбасы" болып сайланды. 🔵Ұйымның мақсаты : Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық , білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. #өзін_өзі_басқару_ұйымы
Толығырақ25.09.2023 в 20:09 Пікір жоқ 142 қаралды
Еңбек күніне шара
✅"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ- де Еңбек күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді. ✅"Адал азаматқа" тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. ✅Осы орайда оқушылар кіші қызметкердің бір күндік міндеттерінің кішкене бөлігін орындауға атсалысты. #ЕңбеккүніАқтөбе2023
Толығырақ24.09.2023 в 20:07 Пікір жоқ 137 қаралды
"Баланың бас ұстазы ата -анасы" тақырыбында ата - аналар жиналысы өткізілді.
22-23 қыркүйек күндері мектеп - интернатымызда жаппай (онлайн) "Баланың бас ұстазы ата -анасы" тақырыбында ата - аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. 2023-2024 оқу жылындағы өзгерістер 2. Ата -аналар комитетін сайлау 3.Тәртіптің ең тамашасы отбасы" Сағыныш хаты" окушылардың ыстық лебізі 4."Сіз балаңызды білесіз бе?" кері байланыс
Толығырақ23.09.2023 в 20:06 Пікір жоқ 155 қаралды
Біздің мақтанышымыз!
Дзюдодан Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Мәртөк БЖСМ біріншілігі өтті. Мектеп-интернаттан оқушылар қатысып, І орынды Әмірхан Берекет, Сейілов Дастан, ІІ орынды Аппақов Бекхан, Типаев Алихан жеңіп алды. 🎊🎊🎊Құттықтаймыз🎊🎊🎊
Толығырақ23.09.2023 в 20:04 Пікір жоқ 112 қаралды
"Берекелі күз" тақырыбында сурет салу
Күз айы-берекелі де мерекелі маусым. Жаз бойы еккен егіннің дәмін татып, береке мен молшылыққа кенелетін керемет сәт. Осы орайда мектеп-интернатымыздың бастауыш класс оқушылары "Күз" тақырыбында тамаша суреттер салып, өз өнерлерін паш етті. Жетекшісі: Каплиева Н.
Толығырақ21.09.2023 в 20:02 Пікір жоқ 107 қаралды
"Ұланбасы" сайлауының үміткерлері
Мектепшілік "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы 🔵Мақсаты:Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 🔵Міндеттері: Қазақ, халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру.
Толығырақ21.09.2023 в 20:01 Пікір жоқ 116 қаралды
Мектепшілік "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына Ұланбасын сайлауына хабарландыру.
Мектепшілік "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы 🔵Мақсаты:Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 🔵Міндеттері: Қазақ, халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру.
Толығырақ20.09.2023 в 19:53 Пікір жоқ 112 қаралды
Қозғалмалы ойындар
Оқушылардың бос уақытында қозғалмалы ойынға қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту мақсатында ұйымдастырылды. Бәсекеге қабілетті, ұйымшылдыққа, өзара көмектесуге тәрбиелеу.
Толығырақ19.09.2023 в 19:51 Пікір жоқ 92 қаралды
"Кел, танысайық!"- тренинг сағаты өткізілді
Ағымдағы жылдың 18 күні,жылдық жоспарына сәйкес, мектеп тәлімгері мен психологтың оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, жаңадан келген оқушыларды ортаға тарту, танысу мақсатында "Кел, танысайық!"- тренинг сағаты өткізілді
Толығырақ19.09.2023 в 19:49 Пікір жоқ 136 қаралды
Әр дүйсенбі сайын әнұран орындалады.
ӘР ДҮЙСЕНБІ 🔵 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы-ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. 🔵 Олар:Гимн, Елтаңба және Туы. Осы мақсатта мекп-интернатымызда әр дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен мемлекеттік Гимн орындалады.
Толығырақ18.09.2023 в 19:47 Пікір жоқ 291 қаралды