Ұстаз! Сіздің алдыңызда.....
Тақырыбы: Ұстаз! Сіздің алдыңызда..... Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Спанова А. Қ Орынбасарова Г. С 6 сынып #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ04.10.2023 в 20:04 Пікір жоқ 264 қаралды
Бастауыш сынып оқушыларынан құттықтау!
Алғашқы ұстаз - білімнің баспалдағын қалыптастырушы тұлға. Осы елеулі үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімі мен тәрбиешісін ешкім ұмытпайды. Өмір әліппесімен таныстырған бұл жандарға алғыс мол. #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ04.10.2023 в 20:02 Пікір жоқ 101 қаралды
Ұстаздар мерекесі қарсаңында мектеп-интернат оқушылары әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлғаларға көтеріңкі көңіл, жағымды әсер сыйлау мақсатында ерекше сөздер айтылып, алтын тәж кигізілді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында мектеп-интернат оқушылары әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлғаларға көтеріңкі көңіл, жағымды әсер сыйлау мақсатында ерекше сөздер айтылып, алтын тәж кигізілді. Ерекше сезімге бөленген ұстаздар оқушыларға алғысын айтып, жылы лебіздерін жолдады. #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ03.10.2023 в 19:59 Пікір жоқ 94 қаралды
"Менің арманымдағы ұстаз" тақырыбында эссе жазғызылды.
Ұстаздар мерекесіне орай 8 сыныпта "Алтын жүректі ұстаз" және 9-10 сыныптарда "Менің арманымдағы ұстаз" тақырыбында эссе жазғызылды. Мақсаты: Оқушыларға өмірде көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті,шеберлікті ерекше шәкірт жандылықты,мейірімділікті қажет ететін мамандық та—ұстаздық мамандығы екенін түсіндіру, ұстазға деген құрмет сезімін ұялату. #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ03.10.2023 в 19:57 Пікір жоқ 164 қаралды
Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтауы.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді! Сіздің еңбегіңізді бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдесіз дүние! Ұстаз еңбегі өлшеусіз . Әр ұстаз үздік болуға лайықты. Құрметпен Калиева Гүлбарам Есенқызы.
Толығырақ03.10.2023 в 17:48 Пікір жоқ 102 қаралды

Оқушылардың қолдан ойыншық жасауы
Балалар әрдайым өздері қолдан ойыншық жасауға қызығушылық танытады. Олар батпырауықтың түрлерімен танысып, оларды жасау мен ұшырудың әдісін үйренді. Өздері жасаған батпырауықты қуана жүгіріп ұшырып, керемет көңіл күйлері көтерілді.
Толығырақ03.10.2023 в 16:29 Пікір жоқ 130 қаралды

"Аталар өсиеті"
Тақырыбы:"Аталар өсиеті" Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты сөздерді балаларға ұғындыру, аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру. Өткізген: А.Молдагазина
Толығырақ30.09.2023 в 16:27 Пікір жоқ 129 қаралды

Еріктілер ұйымы туралы түсінік
Тақырыбы: Еріктілер ұйымы туралы түсінік Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 6сынып Тәрбиеші: Орынбасарова Г. С, Спанова А.К.
Толығырақ30.09.2023 в 16:25 Пікір жоқ 140 қаралды

"Еңбектің адамы" бағдарламасымен кездесу өтті
Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру мақсатында мектеп - интернатымызда "Еңбектің адамы" бағдарламасымен кездесу өтті. Бұл кездесуде еңбек адамдарының еңбегін бағалап, әнін арнап, тәрбиешілер әдістемелік бірлестігі көңілді билерін тарту етті.
Толығырақ29.09.2023 в 16:22 Пікір жоқ 124 қаралды

"Педагогтың эмоционалды күйреуінің алдын алу және кибербуллинг" атты мектепішілік семинар - тренинг
🔵Тақырыбы: "Педагогтың эмоционалды күйреуінің алдын алу және кибербуллинг" атты мектепішілік семинар - тренинг 🔵Мақсаты: - жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу; - қарым - қатынастағы біліктілігін арттыру; - педагогтың тұлғалық және жағдайға сай қобалжуын төмендету; - кибербуллинг туралы түсініктерін кеңейту. Өткізгендер: Психолог: М.Ш.Елшебаева Мұғалім: Г.М.Молдабаева Тәрбиеші: Г.М.Канибаева
Толығырақ28.09.2023 в 16:20 Пікір жоқ 129 қаралды