Директордың жанындағы кеңес өткізілді.
Директордың жанындағы кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспарының жүзеге асырылуы. 2. "Білім класс" журналының тексеру қорытындысы. 3. Үйірме жұмыстарының ұйымдастылуы. 4. 1-4 класс оқушыларының дәптер, жазба жұмыстарының тексеру барысы. 5. Мектеп асханасының жұмысы. 6. Монша, кір жуу саласындағы жағдайлар. 7. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы.
Толығырақ19.10.2023 в 18:08 Пікір жоқ 223 қаралды
25 қазан "Республика күніне" орай 1-5 кластар арасында "Көңілді балақай" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
25 қазан "Республика күніне" орай 1-5 кластар арасында "Көңілді балақай" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: сыныптастар арасында өзара қайырымды, мейірімді қатынастар тудыру. #республикакүніАқтөбе2023
Толығырақ18.10.2023 в 18:03 Пікір жоқ 131 қаралды
Бүгін 6 сыныпта "Күз-мереке,күз-береке" атты сыныптан тыс шарасы өтті
Бүгін 6 сыныпта "Күз-мереке,күз-береке" атты сыныптан тыс шарасы өтті.Мақсаты:1.Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету. 2. Оқушының өзін еркін ұстауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту. Шара барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, тапсырмалар орындады. Алтын күздің қызықты сұрақтарына да жауап беріп, жапырақтардан,гүлдерден суреттер құрастырды. Ұйымдастырған: Г.Р.Есмуханова А.А.Алданазарова
Толығырақ18.10.2023 в 18:02 Пікір жоқ 115 қаралды
С.Торайғыровтың туғанына 130 жылдығына орай "Шығамын тірі болсам адам болып" атты 8 класқа сынып сағаты өткізілді.
С.Торайғыровтың туғанына 130 жылдығына орай "Шығамын тірі болсам адам болып" атты 8 класқа сынып сағаты өткізілді. МАҚСАТЫ; оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасын, ізденімпаздықты қалыптастыру олардың бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу. Өткізген: 8-сынып тәрбиешісі Ж.А.Сактаганова #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ18.10.2023 в 18:01 Пікір жоқ 411 қаралды
"Кітаппен бірге өсеміз" тәрбие сағаты
Мектебіздің 1,3 сыныбында «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі орны туралытүсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең тұлға болуға, кітапты сүйе білуге,кітапты қадірлеуге баулу. Өткізген: К.И.Алдонгарова #біртұтастәрбиеАқтөбе
Толығырақ18.10.2023 в 17:51 Пікір жоқ 292 қаралды
Кешкі серуен
Серуен –бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Серуеннің міндеті : Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік – эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
Толығырақ15.10.2023 в 17:43 Пікір жоқ 156 қаралды
Кітап —сенің досың
Тақырыбы: Кітап —сенің досың Мақсаты: оқушыларға кітаптың шығу тарыхы туралы мағұламаттар беріп, кітапты таза ұстауға және ұқыптылық, жауапкершілікке, өз бетімен кітаптар оқуға баулу. Өткізген: Орынбасарова Г.
Толығырақ14.10.2023 в 21:30 Пікір жоқ 144 қаралды
Оқушылар бос уақытында тиімді өткізу мақсатында тәрбиешілер логикалық ойындар ойнады.
Оқушылар бос уақытында тиімді өткізу мақсатында тәрбиешілер логикалық ойындар ойнатты. Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру , шапшандылығын дамыту. Өткізген: Тәрбиеші Каплиева Н.
Толығырақ14.10.2023 в 21:25 Пікір жоқ 107 қаралды
Сәкен Сейфуллинге 130 жыл
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллинге 130 жыл Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси—қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиешілер:Спанова А Орынбасарова Г 6 сынып
Толығырақ13.10.2023 в 21:23 Пікір жоқ 330 қаралды
Ұлттық салт-дәстүр ішіндегі жомарттық пен ынтымақтың, молшылықтың еңбек мерекесі “Сабан той және гулдер көрмесі” ұйымдастырылды.
🔹Ұлттық салт-дәстүр ішіндегі жомарттық пен ынтымақтың, молшылықтың еңбек мерекесі “Сабан той және гулдер көрмесі” ұйымдастырылды. 🔹Аталған шараға барлық мектеп ұжымы шақырылды 🔹Той ұлттық киімдерін киіп шыққан оқушылардың шеруімен басталды. Тәрбиешілер мен оқушылар ән айтып, би билеп ұмытылып бара жатқан ұлттық мүдде ұршық иіру, киіз басу, тары түю секілді дәстүрлермен әдет ғұрыптарды насихаттады. 🔹Мектеп кітапханашысы тойдың көркін ашып мақал мәтел,жаңылтпаш,логикалық сұрақтар дайындап оқушыларды қызықтырды. 🔹Бүгінгі той ұлттық құндылықтарды қазынасындай баба мұрасындай қадірлей білетін әрбір қазақтың тойы. #біртұтас_тәрбие
Толығырақ13.10.2023 в 21:22 Пікір жоқ 114 қаралды