Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ


8 (7132) 98- 06 - 90 қабылдау бөлімі
8 (7132) 98-05-11 сенім телефоны
8 (7132) 98-05-10 бухгалтерия

Жаңалықтар

Ұлттық ойындар -қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын -сауықтардың бір түрі.

Ұлттық ойындар -қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын -сауықтардың бір түрі. Ұлттық ойындар - ата - бабамыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Мектеп интернат тәрбиеленушілері арасында жоспарға сәйкес ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Толығырақ

15.11.2023 в 18:21 Пікір жоқ 127 қаралды

Тоғыз айға тоғыз шара жоба негізінде мектебімізде 1-7 сыныптар аралығында ұлттық спортымыздың бір түрі Асық ойыны ұйымдастырылды.

Асық ойыны баланың жастайынан ой - қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді. Тоғыз айға тоғыз шара жоба негізінде мектебімізде 1-7 сыныптар аралығында ұлттық спортымыздың бір түрі Асық ойыны ұйымдастырылды. #біртұтастәрбиеАқтөбе #тоғыз-айға-тоғыз-шара

Толығырақ

10.11.2023 в 18:16 Пікір жоқ 174 қаралды

"Бірге билейміз" флешмоб

Тақырыбы Бірге билейміз! Флешмоб сайысы. Би - сезім мен нәзіктілікті жеткізуші өнер. Өнерге жақын оқушылардың бір бағытта қозғалуға, өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектепішілік флешмоб сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа окушылар жақсы көңіл - күймен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс өте қызықты өтіп, оза шыққан топтар марапатқа ие болды. Ұйымдастырғандар: тәлімгер Аманов Е., Би жетекшісі Дауысбаева З. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

09.11.2023 в 18:15 Пікір жоқ 171 қаралды

Ұстаз ардагерлерді марапаттау

Мектебіміздің ардагер ұсаздары Қазақстан Республикасының оқу -ағарту министрінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Зейнет жасындағы ұстаздарымыздың еңбектерінің еленіп жатқанынымен құттықтаймыз!               

Толығырақ

09.11.2023 в 18:12 Пікір жоқ 141 қаралды

Актөбе қаласы мемлекеттік мекемесі кызметкерлері, мектеп қабырғасында өрт жағдайы орын алған кезіндегі , оның алдын алу және сөндіру жұмыстарын барлық мектеп окушылары мен қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгін 09.11.23 ж мектеп - интернатта «Казакстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» Актөбе қаласы мемлекеттік мекемесі кызметкерлері, мектеп қабырғасында өрт жағдайы орын алған кезіндегі , оның алдын алу және сөндіру жұмыстарын барлық мектеп окушылары мен қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Толығырақ

09.11.2023 в 18:10 Пікір жоқ 138 қаралды

"Оқуға құштар бол" атты іс-шара өтті...

Қараша айында мектеп-интернатымыздың 2-4 класс оқушылары арасында "Оқуға құштар бол" атты іс-шара өтті... Мақсаты: оқушылардың өз жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін ертегілер топтамасымен және оны жазған жазушылардың өмірбаянымен таныс болуы. #біртұтастәрбиеАқтөбе #оқуғақұштармектеп

Толығырақ

09.11.2023 в 18:06 Пікір жоқ 156 қаралды

"Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз"

Тақырыбы:"Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз" Мақсаты: оқушылардың күзгі демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында отбасымен бірге кітап оқу, оның кейіпкерлеріне талдау жасауға немесе суретін салуға мүмкіндік беру... Ұйымдастырған: Сәндібекқызы Г. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

06.11.2023 в 20:30 Пікір жоқ 181 қаралды

Күзгі каникулды тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар, ата -ана, түлектер арасында М.Жұмабаевтың 130 жылдына арналған челлендж өз мақсатына жетті

Күзгі каникулды тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар, ата -ана, түлектер арасында М.Жұмабаевтың 130 жылдына арналған челлендж өз мақсатына жетті Ұйымдастырған 8-сынып тәрбиешісі Сактаганова Ж.А #күзгідемалысАқтөбе2023

Толығырақ

04.11.2023 в 20:29 Пікір жоқ 132 қаралды

Мектеп-интернат оқушылары күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында " Жас натуралистер станциясына" барып, жануарлар әлемімен танысты.

Мектеп-интернат оқушылары күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында " Жас натуралистер станциясына" барып, жануарлар әлемімен танысты. Балалар жануарларға тамағын беріп, жақсы көңіл күймен қайтты. Ұйымдастырушы:Дауыспаева З., Молдагазина А. #күзгідемалысАқтөбе2023

Толығырақ

03.11.2023 в 20:25 Пікір жоқ 129 қаралды

"Мен жастарға сенемін" атты челлендж 8 сынып оқушыларының ата-аналынан мектеп түлектеріне жолданады.

Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақтың бірлігі, Алаштың азаттығы мен халқымыздың болашағы үшін бар ғұмырын күреспен өткізген зиялыларымыздың бірі, қазақтың ұлы тұлғасы Мағжан Жумабаевтың 130 жылдығына арналған "Мен жастарға сенемін" атты челлендж 8 сынып оқушыларының ата-аналынан мектеп түлектеріне жолданады.

Толығырақ

01.11.2023 в 20:27 Пікір жоқ 132 қаралды

Директор блогы "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ директоры

Калиева Гулбарам Есеновна

Choose Color