Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ


8 (7132) 98- 06 - 90 қабылдау бөлімі
8 (7132) 98-05-11 сенім телефоны
8 (7132) 98-05-10 бухгалтерия

Жаңалықтар

«Мамандық менің болашағымның таңдауы»

Тақырыбы: «Мамандық менің болашағымның таңдауы» Мақсаты:оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Өткізген:Канибаева Г #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

21.12.2023 в 18:48 Пікір жоқ 66 қаралды

«Нейрофитнес»

«Нейрофитнес» Мақсаты:Баланың қолды жаттықтыру тәсілдері әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. - Көркем жазуға баулып, баланың әсемдік сезімін оятып,шығармашылық қабілеттерін арттырып, саналы мінез құлқын қалыптастырып, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Суретті және сызықты жаттығуларды орындату баланы дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Өткізген:Психолог Елшебаева М. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

20.12.2023 в 18:46 Пікір жоқ 38 қаралды

«Көркем қыздар» ұйымының кезекті отырысы өтті.

«Көркем қыздар» ұйымының кезекті отырысы өтті. «Қызға қырық уйден тыйым» тақырыбында баяндама оқылды. Отырыс соңында қыз балаларға жеміс кесуден шебер класс өткізілді. Мақсаты: Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлеме, Халқының сақтай білгін ізгі салтын,-дей отырып қыз балаларға ырым-тыйым арқылы бойларына адамгершілік, инабаттылық, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Жетекші: Шайбекова Ж. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

20.12.2023 в 18:44 Пікір жоқ 32 қаралды

Мерекелік демалыста балалардың бос уақытын тиімді өткізу.

Мерекелік демалыста балалардың бос уақытын тиімді өткізу. Мақсаты: - Оқушылардың өнерін дамыту, туған жерін, елін сүюге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу. Өткізген: Орынбасарова Г., Канибаева Г.                                           

Толығырақ

17.12.2023 в 18:43 Пікір жоқ 33 қаралды

Тапқырлар тартысы. Сайыс сабақ.

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы. Сайыс сабақ. Оқушыларды белсенділікке,шапшаңдыққа, жан жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын және жауапкершілікке, тиянақтылыққа қалыптастыру. Әрбір оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ой өрісін кеңейту. Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Өткізген: Шайбекова Ж.

Толығырақ

17.12.2023 в 18:42 Пікір жоқ 38 қаралды

іздерді Тәуелсіздік күнімізбен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар мен зейінді оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімізбен шын жүректен құттықтаймын. Көк байрағымыз желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын! Еліміз көркейіп, нығая берсін! Баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін! Құрметпен мектеп-интернат директоры Гүлбарам Есенқызы Калиева.

Толығырақ

16.12.2023 в 18:39 Пікір жоқ 32 қаралды

Осы орайда бүгін "Тәуелсіздік мерекесі" қарсаңында Тәрбиешілер қауымы оқушылармен бірге "Тәуелсіздік тарихына" шолу жасап, қазақтың басынан кешкен қилы заманының бір сәт көрінісін көз алдымызға көрсетіп те, бойымызға сіңіре де алды.

Қазақ елі мен жұртының осы күнге дейін басынан нелер өтіп, нелер кетпеді?! Сұрапыл соғыс, азулы ашаршылық, ызғарлы желтоқсан... Өз алдына ел болып, еңсесін биік, кеудесін жоғары, басын тік ұстайтын бейбіт, тәуелсіз күнге жеткізген жалынды жастарымыз бен, рухты ата-бабаларымызға қашан да біз қарыздармыз. Осы орайда бүгін "Тәуелсіздік мерекесі" қарсаңында Тәрбиешілер қауымы оқушылармен бірге "Тәуелсіздік тарихына" шолу жасап, қазақтың басынан кешкен қилы заманының бір сәт көрінісін көз алдымызға көрсетіп те, бойымызға сіңіре де алды. Оқушыларымыздың бойына патриоттық сезім сыйлап, жігерін оята білсек, бүгінгі туынды өз мақсатына жетті деп, айта аламыз. Тәуелсіздік-бақытым да, барым да, Жыр жазамын, жырлаймын, ол жайында. Жаратқаннан тілейтінім тәу етіп— Қазағымды еркіндіктен айырма! #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

15.12.2023 в 18:37 Пікір жоқ 29 қаралды

"Тәуелсіздікті жырлаймын" сынып сағат

Тақырыбы:"Тәуелсіздікті жырлаймын" Класс:8 Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Әр елдің, әр адамның адамгершілік, достық, ынтымақ-бірлік бейбіт өмір, жарасымды бірлік иесі екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу. Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарына жету барысында өздерінің елі, халқы үшін өмірін, жастығын қиған аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі тұта отырып, оқушыларға елжандылық тәрбие беру. Өткізген:Сактаганова Ж. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

15.12.2023 в 18:34 Пікір жоқ 32 қаралды

Ойлан! Ізден! Талаптан! Көңілді шоу.

Тақырыбы: Ойлан! Ізден! Талаптан! Көңілді шоу. Мақсаты: Оқушылардың құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл күйін көтеру,оқушылардың ашылуына,өздерін көрсете білуіне кқмектесу,ұйымшылдыққа бейімделуіне ықпал жасау. Өткізген: 8 сынып тәрбиешісі Даулбаева З.Д.

Толығырақ

15.12.2023 в 18:29 Пікір жоқ 36 қаралды

"Тәуелсіздік-тұғырым!" деген сөздің беретін мағынасы зор, мазмұндық ауқымы кең...

"Тәуелсіздік-тұғырым!" деген сөздің беретін мағынасы зор, мазмұндық ауқымы кең... Қазақ жұрты оның ішінде жалынды жастары тәуелсіз, азат ел болу үшін аз қан төккен жоқ. Алайда, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында тәуелсіз ел болуға қол жеткіздік... Бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу және құттықтау тілектерінен құралған лебіздері... Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 🇰🇿 Ұйымдастырушы: Кітапханашы Сәндібекқызы Г. #біртұтастәрбиеАқтөбе

Толығырақ

15.12.2023 в 18:24 Пікір жоқ 31 қаралды

Директор блогы "Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ директоры

Калиева Гулбарам Есеновна

Choose Color